Украина – Ресей келіссөзі онлайн өтеді

Украина мен Ресей арасындағы келіссөз сәуірдің бірі қайта жанданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Слуга народа» фракциясының өкілі, Украина делегациясының мүшесі  Давид Арахамия өзінің телеграм каналында мәлім етті. Тек бұл жолғы кездесу онлайн форматта ұйымдастырылады. Естеріңізге салайық, тараптар 2 күн бұрын Түркияның Ыстамбұл қаласында жүздескен болатын. Кездесуде бірқатар мәселе талқыланып, ұсыныстар айтылды. Бірақ Давид Арахамияның айтуынша, ешбір құжатқа қол қойылмаған.