Билік казиноны қайта заңдастыруға ниетті – Қырғызстан

Қырғыз билігі казиноны қайта ашуды қолға алмақ. Бұл туралы үкімет басшысы Ақылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, осылай бюджетке қосымша 2 миллиард сом, яғни 30 миллион доллар түсіруге болады. Экономика министрлігі казино, букмекерлік орталықтар мен ойын залдарын заңдастыру туралы құжатты қоғамдық талқылауға шығарды. Бұл салаға халықтың наразылығынан кейін 2012 жылы тиым салынған еді. Ол кезде құмар ойынға тәуелді адамдар көптеген отбасының қасіретіне айналған болатын. Депутаттар казиноны қайта ашу туралы идеяны былтыр ұсына бастады. Тек құмар ойын орталықтарын Ыстық көл жағасында орналастыру керек – дейді саясаткерлер. Бірақ депутаттардың ұсынысы ол жолы қолдау таппаған.