Германия билігі төртінші дозаның кімдерге салынатын анықтады      

Германияда коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын қабылдай алатын азаматтардың санаты кеңейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін арнайы комиссия екінші бустерді жасы 70-тен асқан қарияларға, қарттар үйлерінің қызметкерлеріне, санитарлар мен медицина қызметкерлеріне салуды ұсынған болатын. Енді қосымша екпені жасы 5-тен асқан, иммунитеті әлсіз адамдарға салу ұсынылып жатыр, себебі бұл топтың аурудан айығуы ұзаққа созылады. Тұрғындар жаңа дозаны әдеттегідей вакциналау орталықтарынан, үй дәрігерлерінен немесе мобильді топты шақыру арқылы қабылдай алады. Соңғы екпеден кейін арада 3 ай өтуге тиіс. Германияда Moderna және BioNTech қолдануға рұқсат етілген. Осы сәтке дейін халықтың 76 процентке жуығы вакцина салдырған. Бұл 63 миллион адам.

Карл Лаутербах, ГФР денсаулық сақтау министрі:

– Вирусты жаңадан жұқтырушылар саны сәл азайды. Дегенмен науқастар қатары әлі кемімей отыр. Соған байланысты ауруханалар босамай жатыр. Бұл үрдіс сақталуы мүмкін. Бірқатар шектеу алынады деп жатыр ғой, дегенмен мен медицина саласына салмақ түсетін аймақтарда «қызыл» деңгей сақталса деген ұсыныс айттым. Адамдар өз бетімен маска киіп жүреді деп сенемін.

 

 

 

 

 

Сондай-ақ...