Бурса – Түркі әлемінің мәдени астанасы

Түркі әлемінің мәдени астанасы енді Түркияның Бурса қаласы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін бұл миссия Өзбекстанның Хиуасына жүктелген еді. Бүгін Бурса қаласының тарихынан сыр шертетін халықаралық жиын өтті. Оған 20 елден 700-ден астам өнерпаз келіп, өз өнерін ортаға салды.

Айта кетейік, көне шаһар ел ішінде Падишахтар кенті деп аталып кеткен. Өйткені Бурсада Османлының 6 падишахы мен 20 шахзадасы жерленген.

Шейда Өмер, әзебайжандық тілші:

- Түркі әлемі үшін тамаша кеш өтті. Тарихи сәтке куә болдық. Түркі әлемі үшін алдағы уақытта керемет дүниелер болады деген сенімдемін. Төл өнерімізден керемет әсер алдым.

Салих Башпармак, көрермен:

- Түркі әлемі үшін айтулы шара. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мәңгі болсын. Бурсаның тұрғыны ретінде, биыл қаламыздың мәдени Астана ретінде жариялануы мақтанарлық жағдай. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Өзімді атажұртта жүргендей сезіндім.