Ресей жойқын шабуылға дайындалып жатыр – Зеленский

Украинаның оңтүстігі мен Донбасста жағдай өте ауыр. Ресей осы аймақта жойқын соққылар жасауға әзірленіп жатыр.

Бұл туралы президент Владимир Зеленский дәстүрлі түнгі жолдауында мәлімдеді.

Сондай-ақ оның айтуынша, Кремль басып алған Херсон аймағында референдум өткізуі мүмкін. Бұдан басқа Ресей әскерін Мариуполь маңына топтастырып жатыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Ақпан айының 5 күні мен наурыз бойы басқыншылар барлық тараптан - құрлықтан, әуеден, теңізден шабуыл жасап, ішке қарай тереңдей енуді көздеді. Бірақ біз тойтарыс бердік. Біз олардың жоспарын жақсы біліп отырмыз. Екі жақ та жеңіске жеткісі келеді. Бізді алда әлі сұрапыл майдан күтіп тұр. Біз басқыншыларды тізе бүктіру үшін барымызды саламыз, өліспей беріспейміз.

"Азов" арнайы күштері талқандалды

Ресей билігі Мариуполь қаласынан қашып шықпақ болған "Азов" арнайы күштерін тас-талқан еткенін хабарлады. Сондай-ақ Украинаның 2 тікұшағы атып түсірілген.

ГАЗ ҮШІН ТӨЛЕМДЕР РУБЛЬГЕ АУЫСТЫРЫЛАДЫ 

Владимир Путин, Ресей президенті:

- Ресейдің табиғи газын ниеттес емес елдерге сатуды реттейтін жарлыққа қол қойдым. Енді Ресейдің көгілдір отынын алу үшін Ресей банктерінен рубльмен есеп айырысатын шот ашу қажет болады. Газ жеткізуге арналған бұл төлем жүйесі 1 сәуірден күшіне енеді. Егер бұл шарт жасалмаса, онда келісім-шарттың талаптары орындалмайды.