Чилиде өрттен 40-тан астам үй жанып кетті

Чилиде өрттен 40-тан астам үй жанып кетті

Чилидің Вальпара қаласында өрт 40-тан астам үйді күлге айналдырды.

Отты сөндіруге бірнеше жүздеген маман жұмылдырылды. Бірақ жұмысқа күшті жел кедергі келтіруде. Кейбір өрт ошақтары адам өміріне үлкен қауіп төндіріп тұр.

София Гонсалес, президент өкілі:

- Тілсіз жауды ауыздықтау қиынға соғуда. Өрт тұрғын үйлер орналасқан ауданға бармас үшін жанталасып жатырмыз.

Ал АҚШ-тың оңтүстігінде дүлей дауыл әлек салуда. Күшті жел ағаштарды опырып, электр желілерін үзді және тұрғын үйлерге зақым келтірді. 6 штатта 200 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды.