Австралияда нөсер жауын тоқтамай тұр

Австралияда қайтадан нөсер жауып, халықты әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолдар мен көпірлерді су шайып кеткен. Жұрт бірнеше апта бұрынғы су тасқынынан әлі ес жиған жоқ. 20 мыңнан аса тұрғын эвакуация аймағында қалды. Инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру жұмысы ұзаққа созылып кеткен. Кейбір өңірде небәрі 6 сағат ішінде жауын-шашынның бір жылдық мөлшері түскен. Мамандар мұны Ланинья құбылысымен байланыстырып отыр. Салдарынан биыл Сиднейде наурыз қала тарихындағы ең ылғалды ай болды.