Грузия Ресейге қарсы санкцияларды қолдайды  

Бұл ел АҚШ пен Батыс елдері енгізген шектеу шараларына қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Саломе Зурабишвили бұл туралы жария етті. Ол Грузия Киевті қолдауға бағытталған барлық халықаралық қарарларға қатысатынын мәлімдеді. Бұған дейін елдің премьер-министрі Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты Ресейге қарсы экономикалық санкциялар енгізбейтінін жария еткен еді. Өйткені бұл мемлекеттің ұлттық мүддесіне қайшы келетінін айтқан.

Сондай-ақ...