Пәкістанда Рамазан айының алдында азық-түлік қымбаттады

Ораза кезінде ең жоғары сұранысқа ие құрманың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 25 процентке көтерілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аса қажет азық-түлік – ұн, қант пен майдың құны аспандады. Экономика министрлігі «Рамазан жеңілдік қоржыны» деген акция бастап, 8 миллиард рупий бөлді. Бұл шамамен 20 миллион теңге. Көмек қаржы 6 мың коммуналдық дүкенге бөлініп, 19 өнімді тұрғындарға қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік береді.