Гонконг билігі шектеу шараларын жеңілдетті

Гонконг 9 мемлекетпен арадағы шектеулерді жеңілдеткеннен кейін аймаққа Маниладан алғашқы рейс қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемия басталғалы Гонконгте қатаң карантин қабылданған еді. Әуе қатынастары тұралап, халықтың шетелге ұшуы қиынға соғатын. Енді сәуірдің 1-інен бастап Австралия, Канада, Франция, Үндістан, Непал, Пәкістан, Филиппин, Ұлыбритания мен АҚШ тұрғындары Гонконгке кедергісіз тікелей ұша алады. Бұдан былай жолаушы 14 күннің орнына 7 күн ғана оқшауланады.