Уилл Смит киноакадемия құрамынан шықты

Актёр Уилл Смит АҚШ-тың Киноматография өнері мен ғылым академиясынан кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған Смиттің Оскар сыйлығын тапсыру рәсімінде сахнада жүргізуші, комик Крис Роктың бетінен шапалақпен тартып жібергені себеп болған. Ал комик Смиттің жұбайының шашы жоқтығын әзілге айналдырған еді. Актер бұл қалжыңды көтере алмаған. Ал оның жары шаш түсіп қалатын дертіне шалдыққан. Бірақ кейін Смит «Бұл ісім ұят болды. Криске, оның отбасына және көптеген достарым мен жақындарыма, залдағы және үйдегі көрермендерге кесірім тиді. Академияның атына кір келтірдім» деп кешірім сұрады.