Бразилияда тасқыннан бір айда 240 адам қаза тапты

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатындағы су тасқынынан бір ай ішінде 240 адам кө жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан, әсіресе, Белфорд-Роксо қаласы қатты зардап шеккен. Аймақтағы тасқын лай көшкініне ұласты. Салдарынан шаһарда 8 адам мерт болды. Марқұмдардың алтауы бір отбасының мүшелері. Қазір қауіпті өңірлерде тұрғындар қайықпен қатынауға мәжбүр. Өйткені жиналған судың деңгейі белуардан асады. Жүздеген ғимарат жарамсыз күйге айналды.  Құтқарушылар болса апаттан ізім ғайым жоғалған оннан астам адамды іздестіріп жатыр.