Таиландта мейрамхана күзетшілері туристі өлтірді

Таиландта мейрамхана күзетшілері туристі өлтірді

Оқиға Паттайяда болған. Курорттық қаланың көшесінен шетелдік туристің денесі табылды.

Куәгерлердің айтуынша, ол мейрамхана күзетшілерімен төбелестен кейін қансырап өлген. Туристің қай елдің азаматы екені әзірге белгісіз. Бұл туралы тай БАҚ өкілдері жазды. 

Куәгерлер базар орналасқан Пратамнак Сой 5 көшесінің дәл ортасынан қимылсыз жатқан ер адамды көреді. Жергілікті мейрамханалардың бірінде түнгі уақытта жанжал шыққан. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз, сондай-ақ полицейлер оқиғаның мән-жайын айтудан, мейрамханының атауын жариялаудан бас тартқан. 

Полицейлер кісі қолынан қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтайтын болады. Қаза тапқан ер адамның жасы шамамен 50-де.