Батыс елдері Ресейге жаңадан санкциялар салады

Батыстағы одақтас елдер Ресейге қарсы жаңа санциялар қабылдайды. Бірлескен шешім көп ұзамай қабылданады.

Бұл туралы Германия канцлері Олаф Шольц мәлімдеді. Ол Украинаның Буча қаласында бейбіт тұрғындардың қырғынын "Ресей әскері жасады" деп айыптады. Сондай-ақ неміс вице-канцлері Роберт Хабек Еуроодақ енгізетін санкциялар қаржы және технологиялар саласын қамтиды деді. Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Буча мэрі қалада кемінде 300 адамның азапталып өлтірілгенін айтқан болатын.

Олаф Шольц, Германия канцлері:

- Украинадан сұмдық және қорқынышты кадрлар келіп жатыр. Ресей әскерінің бақылауында болған Буча қаласында бейбіт тұрғындар оқ атып, өлтірілген. Құрбандар арасында әйелдер, балалар мен қарттар бар. Бейбіт тұрғындардың жанын қию соғыс қылмысына жатады. Біз Ресейдің қарулы күштері жасаған бұл қылмысты тергеуіміз керек. Президент Путин мен Ресейді оқ атуды тоқтатуға келісім беруге шақырамын. Бұл өте қорынышты соғыс. Оны ештеңемен ақтауға болмайды. Одақтастарымызбен бірге қатаң шаралар қабылдаймыз.