460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шанхайда халық жаппай тест тапсырды

  • 113
  • UPD: 16:29, 04.04.2022

Қытайдың Шанхай қаласында 14 млн астам адам COVID-19 індетін анықтау үшін тест тапсырды.

Аймақта жаппай тестілеуді өткізу үшін жергілікті билік арнайы локдаун режимін енгізген болатын. Бұған шаһардағы эпидахуалдың ушығуы себеп. Аймақта бір күн ішінде коронавирус індетін жұқтырған 260 науқас дәрігердің көмегіне жүгінген. Тағы 6 мыңнан астам тұрғында ауру симптомсыз өтуде. Енді 24 млн халқы бар Шанхай қаласының тұрғындары қысқа мерзімде толық тексерістен өтуі керек. Қазір адамдарға себепсіз сыртқа шығуға болмайды. Көптеген компаниялар қашықтан жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы