Шри-Ланка бір мемлекеттік төңкерістен аман қалды

Шри-Ланкада полиция наразы топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су шашты.

Билік осылайша мемлекеттік төңкерістің алдын алғанын алға тартады. Елде енгізілген коменданттық сағат пен жиналуға салынған тыйымға қарамастан көшеге жүздеген адам шыққан. Үкімет олар "араб көктемі" стилінде әрекет еткен деп айыптап отыр. Шри-Ланка коронавирус пандемиясына төтеп бере алмай, экономикалық дағдарысқа ұрынды. Әсіресе туризм саласы қатты зардап шегіп, шетел валютасын қабылдауға шектеу қойылған. Мұның соңы жанармай тапшылығына әкелді.

Прадип Витанаж, Перадения Университеті студенттер федерациясының президенті:

- Үкіметке айтар датымыз бар. Бұл күреске қосылып жатқан ондаған мың адамды билік тоқтата алмайды. Бізді көзден жас ағызатын газ, темір қоршаулар немесе оқ ату арқылы тоқтатамыз дегендер оңбай қателеседі.