БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы бүгін өтпейді

Ресей шұғыл отырысты бүгін өткізуді талап еткен. Алайда БҰҰ қауіпсіздік кеңесі жиынды ертеңге қалдыратынын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бучада түсірілген кадрларға қатысты әлемдік қауымдастық та алаңдаушылық білдіріп отыр. Мәселен, БҰҰ-ның бас хатшысы тәуелсіз тергеу қорытындысы бойынша кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды. Франция президенті Ресейге қарсы санкцияларды күшейту керектігін айтты.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

Болған оқиғалар жайлы естіп, жағамызды ұстадық. Бейбіт тұрғындарға қарсы әскери қылмыс жасалғанын растайтын дәлелдер бар десе болады. Буча қаласында Ресей жауынгерлері болды. Әділдік орнауы керек. Қылмысқа барғандар жауапқа тартылуы тиіс.

ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАН 161 БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ

Жалпы Украинада әскери іс-қимылдардың басталғанына 40 күн болды. Премьер-министрдің хабарлауынша, соның салдарынан мемлекет бюджеті күн сайын шамамен 4 миллиард 200 миллион доллардан айырылып отыр. Бас прокурор кеңсесінің мәліметіне сәйкес, 40 күн ішінде қарулы қақтығыстан 161 бала көз жұмып, тағы 264-і жараланған. 

500 УКРАИНАЛЫҚ БОСҚЫН ЕЛІНЕ ОРАЛДЫ

Әскери іс-қимылдар басталғалы Украинадан 4 миллионнан аса адам өзге елдерге кетіп қалған. Солардың 2 жарым миллионы көршілес Польшаны паналапты. Соңғы мәлімет бойынша Еуроодақ елдеріне кеткен 500 мыңнан аса босқын отанына қайта оралған. Бұл туралы елді ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады.

Сондай-ақ...