АҚШ-та үш жарым мыңдай әуе рейсі тоқтады

АҚШ-та небәрі бірнеше күнде үш жарым мыңдай әуе рейсі тоқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыңнан астам ұшақтың ұшу уақыты кейінге шегерілді. Оған ел аумағындағы құйын себеп болды. Ауа райының қолайсыздығынан кей әуе компаниялары тіпті бүкіл әуе рейстерін тоқтатқан. Ең көп зардап шеккен әуежайлар қатарында Балтимор, Нью-Йорк пен Хьюстондағы айлақтар.

Бұдан бөлек, Флоридадағы әуежайдың жұмысы да тұралап қалды.