Перуде тәртіпсіздіктерден төрт адам ажал құшты

Перуде тәртіпсіздіктерден төрт адам ажал құшты

Арасында бір бала бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің Ішкі істер және сыртқы сауда министрлігі мәлімдеді.

Көлік саласының мыңдаған қызметкері жанармай бағасының қымбаттауына қарсы бас көтеріп, ел бойынша ондаған ірі магистральді жауып тастады. Бұдан басқа, ереуілшілер көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл мен тарифтер жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етті. Жаппай тәртіпсіздікке байланысты тұрғындар жұмысына уақтылы жете алмай, мектептердегі сабақ тоқтатылды. Жағдай ушыққан соң, президент Педро Кастильо ел астанасы Лимада коменданттық сағат жариялап, адамдардың үйден шығуына тыйым салды. Осының алдында үкімет жанармайға салынатын салық көлемін азайтқан болатын, бірақ бұдан жанармай бағасы әлі арзандаған жоқ.