Венгрияда пойыз бен фургон соқтығысты: қаза тапқандар бар

Венгрияның оңтүстігінде пойыз бен көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты. Тағы 10 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.

Полиция мәліметінше, көз жұмғандардың барлығы фургон жолаушылары болған. Олар жұмысқа бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші ережені бұзып, теміржолға шығып кеткен. Соқтығыстан пойыз рельстен шығып кетті.