Шри-Ланка дәрігерлері дәрі-дәрмек жетіспейді деп дабыл қағып отыр

Шри-Ланка дәрігерлері дәрі-дәрмек жетіспейді деп дабыл қағып отыр. Осылайша, мемлекеттік медициналық қызметкерлер ұйымы төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілдерден көз ашпай тұрған ел егемендігін алғаннан бергі ең үлкен экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Пандемия кезінде тұралап қалған туризм саласы қазынаға түсетін шетелдік валютадан құр алақан етті. Салдарынан жанармай сатып ала алмай, электроэнергияны өшіруге тура келді. Сондай-ақ азық-түлік пен алғашқы қажеттілік тауарлары да дүкен сөрелерінде сирей бастаған. Осыған дейін халық наразылығына байланысты Шри-Ланка президенті төтенше жағдай жариялады. Ал енгізілген коммендаттық сағат осы дүйсенбіде аяқталды.