Қытайда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Қытайдың Сычуань провинциясында магнитудасы 5,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің сейсмикалық орталығы зілзаланың эпиорталығы 10 шақырым тереңдікте тіркелгенін айтады. Жерасты дүмпулер, әсіресе, Ибинь қаласында қатты сезілген. Аймақта бірнеше ғимараттың қабырғалары жарылып қалды. Әзірге табиғат апатынан мерт болғандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.