Қытай COVID-19 індетіне қарсы вакциналауға 18,9 млрд доллар жұмсады

Бұл шығындар елдің медициналық сақтандыру қорынан бөлінбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми мәліметтерге сәйкес қазіргі уақытта Қытайдың континенталды бөлігінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың шамамен 3,2 миллиард дозасы енгізілген. Қытай 2021 жылдың ақпан айында COVID-19-ға қарсы вакциналаудың тегін бағдарламаларын іске қосты. Вакцинаны сатып алуға және вакциналауға жұмсалатын шығындар негізінен елдің медициналық сақтандыру қоры мен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өтеледі.