Наурызда азық-түлік бағасы 70 процентке өскен – Түркия

Түркиядағы инфляция 61 проценттен асты. Жалпы қымбатшылық әлемнің біраз елін қысып барады. Еуроаймақтың өзінде инфляция деңгейі 7,5 процентке жетті. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар мұны Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты энергия тасымалдаушылар бағасының өсуімен түсіндіреді. Осыған байланысты бірқатар елде қымбатшылыққа қарсы наразылық шаралары өтті. Түркиядағы инфляция 61 проценттен асты. Сөйтіп ол кейінгі 20 жылда болмаған көрсеткіштерге дейін жетудің аз-ақ алдында тұр. Наурызда көлік қызметі – 99 процентке, азық-түлік – 70 процентке, ал мейрамханалар мен қонақ үйлердегі бағалар 60 процентке қымбаттаған. Сарапшылар мұның бірнеше себебі барын айтады. Бұл ең алдымен ұлттық валюта – лираның әлсіреуімен байланысты. Сондай-ақ Украинадағы шиеленіс салдарынан шикізат тауарлардың да бағасы өскен. Наурызда түрік лирасы долларға қатысты ең әлсіз валюталар тізімінде ресейлік рубльден кейін екінші орында тұрған. 

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ 155 ПРОЦЕНТКЕ ӨСКЕН

 Германияда да инфляция кейінгі 40 жылда болмаған рекордтық деңгейге жетті. Өйткені Украинадағы шиеленістен кейін табиғи газ бен мұнай өнімдерінің бағасы күрт қымбаттады. Соның салдарынан наурызда электр энергиясының құны 155 процентке өскен.   

Ариберт Петерс, Германия электр энергиясын тұтынушылар қауымдастығының президенті:

– Биыл жылу, газ бен электр энергиясының бағасы екі есе өседі деп болжап отырмыз. Бұл тұрғындар үшін үлкен салмақ болатыны айтпаса да түсінікті. Мәселен, электр энергиясына көп ақша жұмсағасын, басқа қажеттіліктерге кететін шығындарды азайтуға тура келеді.

Сондай-ақ...