Шри-Ланкада азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы

Бұл елде де ереуілдер басылмай тұр. Өйткені мұнда ең қажетті тауардардың бағасы шарықтап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үстіне отын тапшы. Соның салдарынан мұнда электр энергиясын бірнеше сағатқа өшіру деректері жиілеп кеткен. Қазір аралдық мемлекетте азық-түлік пен дәрі-дәрмек те тапшы. Маңызды препараттар жетіспеген соң кейбір ауруханалар жоспарлы операциялар өткізбей жатыр.   

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева