Армения мен Әзербайжан шекараларын делимитациялау туралы комиссия құрады

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев сыртқы саясат ведомстволарына екі жақты келіссөздерге дайындықты бастауды тапсырды.

Бұл шешім Еуропалық Кеңес төрағасымен Брюссельде өткен кездесуден соң қабылданды. Тараптар Сочи келісімі бойынша ымыраға келіп, сәуір айының соңына дейін Армения-Әзербайжан шекарасын делимитациялау мәселесі бойынша комиссия құрмақ.