Буча оқиғасы: Грузияда шерушілер қолдарын байлап, жерге жатты

Тбилисиде Парламент ғимараты алдында ерекше наразылық акция өтті.

Оның қатысушылары украинадағы Буча қаласының көрінісін жасамақ болып, қолдарын байлап жерге жатқан. Осылайша Бучаның көшелеріндегі мүрделердің бейнесін жеткізбек болды. Бұл арқылы бейбіт халықтың жаппай қырылуына қарсылығын білдіріп, әлем назарын аударғысы келген. Бұндай шаралар Батуми, Кутаиси және Анаклияда да ұйымдастырылды.

Бұл зұлымдықты доғару үшін әлі қанша адамның қаны төгілуі керек? Бучамен тоқтай қоюы екіталай. Ол жайлы ойлаудың өзі қорқынышты.