Чили археологтары птерозавр сүйегін тауып алды

Ұшатын динозаврлар осыдан жүз миллион жыл бұрын Атакама шөлінде тіршілік еткен.

Ал табылған олжа жануарлардың ағза құрылысы мен өмір сүру дағдыларын зерттеуге көмектеседі дейді ғалымдар. Бір емес, бірнеше птерозаврдың бір аймақтан табылуы алып кесірткелердің солтүстік Чилиді кеңінен мекендегені жайлы болжамды растап отыр.

Джонатан Аларкон, Чили университеті зерттеушісі:

- Біз бірнеше птерозаврдың сүйегін тауып алдық. Зерттей келіп Ктенохазматидтер тобына жататынын анықтадық. Олар қазіргі қоқиқаздар сияқты суды сүзіп қоректенген. Ұзын тұмсықтары мен жіңішке тістері соны айғақтайды.