Таиландта турист саны артты

Таиландта турист саны артты

Таиландта коронавирустың шектеулер жеңілдегеннен кейін аймаққа туристер ағыла бастады.

Қазір  Бангкоктің халықаралық әуежайы меймандарға лық толы. Статистика бойынша  бір күнде 10 мыңнан астам саяхатшы келеді.

Айта кетейік, сәуір айының басынан бері шетел қонақтарынан ПТР тест талап етілмейді. Олар Таиландқа келгеннен кейін ғана тексерілетін болады. Ал егілмеген жолаушылар карантинде тек 5 күн ғана отырады.