Австралияның Сидней қаласын су басты

Толассыз жауған жаңбырдың кесірінен қала көшелері көлге айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті синоптиктердің хабарлауынша, небәрі бір тәулікте шаһарға бір айлық жауын-шашын мөлшері түскен. Осыған байланысты билік өкілдері тұрғындарды жолға шықпауға шақырып, эвакуациялануға дайын болуды ескертті. Қазір құтқарушылар қарттар үйінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Әзірге табиғи апаттан зардап шеккендер жайлы ақпар жоқ.