Бородянкада қаза болғандар Бучадағыдан көп – Зеленский

Украинаның Бородянка қаласында мерт болған бейбіт тұрғындар Бучадағы құрбандар санынан әлдеқайда көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Владимир Зеленский түнгі жолдауында мәлімдеді. Ол қарапайым жұртты Ресей әскері өлтірді деп айыптады. Бұған дейін Бучада 300-ден астам бейбіт тұрғын қаза болған, оның 50-і азапталған деп хабарланған еді. Кремль өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ақталып әлек. Айта кетейік, Бородянка Киевтен 70 шақырым жерде орналасқан.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ресейді Адам құқықтары жөніндегі кеңестегі мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл – барынша қисынды әрі дұрыс қадам. Қолдаған мемлекеттерге алғыс айтамын. Ресей Адам құқықтары тұжырымдамасын ұмытқалы қашан. Бір күні бұл да өзгерер. Бірақ әзірге Ресей мемлекеті әскері – бостандыққа, адам құқығына мен қауіпсіздігіне жер бетінде төніп тұрған ең үлкен қауіп. Бучада болған оқиға – бұған айқын дәлел. Бородянкада Ресей басқыншыларының қаза тапқандар саны Бучадан да көп. Ал Ресей сарбаздарының Мариупольде істегінін, бүкіл шындықты әлем білгенде не болмақ?

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмиртий Песков Украинадағы әскери операция жақын арада аяқталатынын меңзеді. Ол бұл туралы британиялық "Sky news" телеарнасына онлайн форматта берген сұхбатында мәлімдеді.

Дмитрий Песков, РФ президентінің баспасөз хатшысы:

– Операцияның мақсаты – 8 жыл бойы Украина әскерінің атқылауынан зардап шегіп келген 2 халық республикасының тұрғындарына көмек беру. Осы 8 жыл бойы ешкім ләм-мим демеді. Соңғы күндері айтылып жатқан нәрсенің бәрі жалған. Біз бұл туралы айтудай-ақ айтып жатырмыз. Бірақ бізді ешкім тыңдар емес. Біздің әскеріміз операцияны сәтті аяқтап қалды. Жақын күндері осы операцияның барлық мақсаты орындалады.