Ресей БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен шығарылды

БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Ресейді Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шешімді 93 мемлекет қолдаған. 24 ел қарсы дауыс берді. Осы қарсы дауыс бергендердің ішінде Қазақстан да бар. Ал 58 мемлекет қалыс қалды. Ресейді Кеңестен шығаруды Украина 58 елмен бірлесіп ұсынған.

Сергей Кислица, Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

– Адам құқықтарын өрескел бұзып отырған елді Кеңес құрамынан шығару таңдау ғана емес, сондай-ақ міндет. Осыдан 30 жыл бұрын Руандада тутси халқына жасалған геноцидтің тағы да қайталануына жол бермеу қажет. Бүгін мұндай қасірет тура көз алдымызда болып жатыр.

– Геннадий Кузьмин, Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

Бас ассамблеяда қарастырылған бұл қарардың адам құқықтарына түк қатысы жоқ. Құқық қорғау саласына аздаған топтың кесірі тиіп отыр. Ресей тарапы Бас ассамблея қабылдаған қарарды БҰҰ-ға мүше тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізіп келе жатқан мемлекетті көпе-көрінеу жазалау мақсатында саяси мүддені көздеген және бұрыс қадам деп қарастырады.