Миллиондаған балаға аштық қаупі төніп тұр – ЮНИСЕФ

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде миллиондаған балаға аштық қаупі төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған Украиндағы ахуал себеп. Тақауда Юнисеф қорының өкілдері осылай деді. Қазір аталған аймақтардағы әр бесінші баланың өсіп-жетілуінде қиындықтар бар. Бүлдіршіндердің 36%-інің ғана киімі бүтін, тойып тамақ ішеді. Жалпы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка мемлекеттері азық-түліктің 90%-тен астамын сырттан тасиды. Мәселен арпа мен бидай Украина мен Ресейден импортталады. Бірақ осы екі ел арасындағы қарулы қақтығыс басталғалы жеткізу қиындап, өнім күрт қымбаттап кеткен.

Сондай-ақ...