Таиланд мьянмалық босқындарды қабылдамады

Таиланд Мьянмадан ағылған мыңдаған босқынды шекарасынан өткізбей кері қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі «Fortify Rights» ұйымына сілтеме жасап, Рейтер агенттігі хабарлады. Тай билігі Мьянманың әскери хунтасымен арадағы қарым-қатынасты бұзғысы келмегендіктен, осындай шешім қабылдаған. Айта кетейік,  Мьянмада билікке әскерилер келгелі елде 2 мыңға жуық адам көз жұмды. 13 мың азамат тұтқындалды. Тағы 50 мыңдайы көрші елдерге өтіп кеткен.