Австралияны су басып жатыр

Австралияның халқы ең көп Жаңа Оңтүстік Уэльс штатын су басып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкінішке қарай, тасқыннан 1 адам көз жұмды. Ер адам көлігінен шыға алмай, сумен бірге ағып кеткен. Аймақтағы өзендер арнасынан шығып, билік 2 мыңнан астам тұрғынға қауіпсіз жаққа көшу туралы нұсқау берді. Естеріңізге сала кетейік, Австралияда жаңбыр бірнеше күннен бері құйып тұр. Жалпы соңғы 4 айда бұл елде жауын-шашынның бір жылдық мөлшері түскен. Синоптиктер қолайсыз нөсер әзірге басылмайды дейді.