Шанхайда 21 мың адамнан коронавирус анықталды

Толық локдаунға қарамастан Шанхайда коронавирус жұқтыру дерегі азаяр емес.

Кеше шаһарда рекорд тіркелді. Бір тәулікте қауіпті инфекция 21 мың адамнан анықталды. Қазір қалада тұрғындарды жаппай тестілеу жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейін, өткен айда Шанхайда коронавирус қайтадан өрши бастады. Осыған байланысты 26 миллион тұрғыны бар қала қатаң карантинге жабылған болатын.