БҰҰ: азық-түлік бағасы шарықтады

БҰҰ: азық-түлік бағасы шарықтады

Әлемде азық-түлік қымбаттап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наурыз айында баға 13 процент өсіп, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Таяуда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы осындай дерекпен бөлісті. Сарапшылардың айтуынша, бұған бірінші кезекте Украинадағы қарулы қақтығыс әсер еткен. Алғашында қымбатшылықтың зардабын кедей елдер тартса, енді дамыған мемлекеттер де сезіне бастады. Осыған байланысты БҰҰ жағдай өзгермесе, әлемнің біраз аймағына аштық қаупі төнеді деп ескертті.