Ресей Польша дипломаттарын елден шығаратын болды

Ресей Польшаның 45 дипломатын нон грата деп жариялады. Енді олар 13 сәуірге дейін Мәскеуден кетуге тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нота Польшаның Ресейдегі елшісіне жіберілген. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ресейдің мұндай шешімі Варшаваның әрекетіне қарсы жауап болмақ. Өйткені наурыздың соңында Польша билігі де өз елінен ресейлік дипломаттарды шығарған еді. Олар тыңшылықпен айналысты деп айыпталған.

Сондай-ақ...