Жапониядан сегіз ресейлік дипломат қуылады  

Жапония билігі Ресей елшілігінің 8 қызметкері Токиодан қуылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Күншығыс елінің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Kyodo агенттігі мәлімдеді. Ресей тарапы бұған «тиісті жауап» берілетінін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Кремль Польша елшілігінің 45 қызметкерін «персона нон грата» деп жариялаған болатын. Дипломаттар 13 сәуірге дейін Мәскеуден кетуі тиіс. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Наурыздың соңында Польша билігі ресейлік дипломаттарды елден қуған еді. Оларға тыңшылықпен айналысты деген айып тағылды.