Украинаны қолдау үшін Еурокомиссия мен Канада 9,1 млрд еуро бөлді

Украина халқын қолдау үшін Еурокомиссия мен Канада үкіметі бірлесіп, 9 миллиард 1 миллион еуро бөлді.

Польша астанасы Варшавада өткен донорлар отырысына қатысқандар жиынды қаза тапқан украиналықтарды 1 минут үнсіз еске алумен  бастады. Қаражат қарыз немесе қайтарымсыз грант есебінде берілмек. 7 миллиард 3 миллион еуро басқа елге бас сауғалауға мәжбүр босқындарға, ал қалғаны отанында қалған украиналықтарға бөлінеді.

Айта кетейік, Украинадан қашқан тұрғындар саны 4 миллионан асты. Ал ел ішінде 6 жарым миллион адам жылы орынын суытқан.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Еурокомиссия өз тарапынан 1 миллиард еуро бөледі. Оның 600 миллионы Украина билігіне және Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдарына аударылмақ. Ал қалған сома Украинаға көршілес елдерге беріледі. Бұл қаржы босқындардың білім алу және жұмысқа орналасу қажетіне жұмсалса дейміз.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

- Достарым, гуманитарлық дағдарыс ушығып барады. Сондықтан біз жұдырықтай жұмылып, көмек беруді үдете түсуіміз керек. Әлем елдерінің үкіметтерін, жеке компаниялар мен халықтарды босып кеткен барлық украиналықты қолдауға жұмылдырайық.