Имран Хан Пәкістанның премьер-министрі қызметінен кетті

Пәкістан парламенті премьер-министрі Имран Ханға сенімсіздік білдіріп, биліктен кетірді.

Мұндай жағдай ел тарихында алғаш рет болып отыр. Имран Хан үкіметті 3 жарым жыл басқарды. Оның қызметтен кетуін қолдап 342 депутаттың 174-і дауыс берген. Экс-премьер сайлау алдында берген уәделерін орындамай, жемқорлыққа жол беру арқылы ел экономикасын былыққа батырды деп айыпталды. Имран Ханды орнынан алардан бұрын депутаттар 13 сағат табан аудармай отырып, пікір таластырған. Жаңа премьер-министрді тағайындау бойынша дауыс беру шарасы ертең өтуі тиіс.