Украина экономикасы 40% құлдырады

Украина экономикасы 40% құлдырады
7kun.kz

Қарулы қақтығыс салдарынан Украина экономикасы құлдырап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл бұл елдің жалпы ішкі өнімі 40 процентке азаюы мүмкін. Жуырда Украинаның экономика министрлігі осындай болжам жасады. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында ғана жалпы ішкі өнім 16 процентке қысқарады екен. Ең көп әуе саласы, теңіз тасымалы мен қызмет көрсету салалары зардап шегіп жатқаны айтылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласы да айтарлықтай шығынға ұшырап жатыр. Себебі Украина әлем бойынша бидай мен жүгеріні ең көп экспорттайтын елдер қатарында. Еуропалық қайта құру банкінің хабарлауынша, әскери іс-қимыл кесірінен елдегі кәсіпорындардың үштен бірі жұмысын тоқтатқан. Ел билігінің есебінше, бүгінге дейін келтірілген шығын 1 триллион доллардан асады. Соның салдарынан қазір Украина халқы әбден қиналып жатыр. Жұрт бас сауғалап, қауіпсіз жерге үдере көшуде.