Шанхайда коронавирус қайта ушықты

Шанхай тұрғындары екі аптадан бері карантинде отыр. Соңғы күндері аймақта індет жұқтырғандардың тәуліктік саны 20 мыңнан асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан локдаунның аяқталуына әлі ерте дейді мамандар. Ал екі аптаның ішінде вирус анықталмаған тұрғын үйдің тұрғындары сыртқа тек птр тест тапсыру үшін шыға алады. Оның өзінде әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталу керек.

У Цяньюй, Шанхай қаласы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі комитетінің испекторы:

Індет өршігеннен бері өткен тәулікті есептемесем, медициналық мекемеде ем дом алған 11 мыңнан астам адам сауығып шықты. Бұл тұрғындардың өз үйлеріне оралуы үшін де белгілі бір санитарлық тәртіп қажет.

Бұл аздай аймақта азық-түлік тапшылығы пайда болды. Халық таң атысымен тамақ пен ең қажетті тауарға тапсырыс беруге асық. 25 млн халқы бар шаһар тұрғындары тапсырысты топтасып бере бастады. Жергілікті биліктің ескертуіне қарамастан аймақта қымбатшылық жайлап барады. Бұл жұрттың қалтасынан қағуда. Наразы халық дабыл қағып, әлеуметтік желілерде мәселені қызу талқыға салды. 

Індет мамыр айының басына қарай бәсеңдеуі керек деген болжам бар.  Оған дейін науқастардың жалпы саны 300 мыңға дейін жетуі мүмкін делінген.  Ал, сарапшылар эпидахуал ел экономикасына кері әсер етуі ықтимал деп алаңдаушылық білдіріп отыр.  Мәселен шаһар қаржы орталығы ғана емес, сонымен қатар ірі теңіз порттары орналасқан сауда орталығы болып саналады. 