Дүниежүзілік банктің Украина мен Ресейге қатысты болжамы

2022 жылдың қорытындысы бойынша Украинаның жалпы ішкі өнімі былтырмен салыстырғанда 45 процентке азаюы мүмкін.

Дүниежүзілік банктың болжамы осындай.

Мамандардың топшылауынша, биыл елдегі инфляция 15 процентке, ал келесі жылы тіптен 19 процентке жетуі ықтимал. Қазір халықтың шамамен 2 проценті кедейшілікте өмір сүреді. Бірақ сарапшылар бұл көрсеткіштің 10 есе арту қаупі барын айтады. Яғни Украинаның әрбір бесінші тұрғынының жұпыны тіршілік етуі ғажап емес. Дүниежүзілік банк Ресейге де қатысты болжамын жария етті.

Халықаралық қаржы ұйымы өкілдерінің топшылауынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елдің жалпы ішкі өнімі 11,2 процентке азаюы мүмкін. Бұған негізінен санкциялар мен ішкі сұраныстың төмендеуі себеп.