Филиппинде толассыз жауын мен дауылдан 25 адам опат болды

Филиппиннің орталығы мен оңтүстігінде толассыз жауын мен дауылдан 25 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 6 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. Марқұмдардың көбі Лейте провинциясында жаңбыр кезінде жүрген лай көшкіндерінен көз жұмған. Қазір апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, Филиппинде өткен демалыс күндері шелектеп құйған жаңбырдан 200-ден аса су тасқыны жүріп, 30 мыңға жуық отбасы баспанасын тастап көшуге мәжбүр болған. Жалпы бұл елде жыл сайын ондаған дауыл соғып, халық көп зардап шегеді.