АҚШ-та нөмірсіз қаруға бақылау күшейді

АҚШ-та нөмірсіз қаруға бақылау күшейді

   Бұл туралы президент Джо Байденнің өзі арнайы хабарлады. Айтуынша, жаңа шаралар жыл бойы жан-жақты пысықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан былай тіркелмеген тапаншаларды пайдаланғандардың үстінен федералды деңгейде айып тағылып, қылмыстық іс қозғалмақ. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Байден АҚШ-та қарумен жасалатын қылмыс саны күрт өсіп, әлем алдында абыройы төгіліп жатқанын мәлімдеген еді. Соңғы аптаның ішінде бір ғана Джорджия мен Колорадо штаттарында 850 атыс тіркеліп, 250-ден астам тұрғын ажал құшқан.