Нью-Йорктегі аукционда айдың үлгісі сатылады

Нью-Йоркте айдың бетінен алып келінген үлгі аукционға шығарылады. Бәссауда ертең өтеді.

Аспан денесінің бөлшегін америкалық ғарышкер Нил Армстронг 1969 жылы Айға «Аполлон-11» ғарыш кемесімен барған кезде алып келген. Оның құны шамамен 1 миллион 200 долларға бағаланып отыр. Аукционда ғарышпен байланысты өзге де бұйымдар сатылады. Мысалы, 1957 жылы ғарышқа «Жерсерігі-1» аппаратын алып ұшқан зымыран тасығыштың бөлшегі және 1969 жылғы Айдың картасы бар. Соңғысының құны 30 мың долларға бағаланып отыр.

Адам Стэкхаус, Bonhams аукцион үйінің өкілі:

– Бұл Нил Армстронг Айға барғанда аспан денесінің бетінен жинап алған үлгінің бір бөлшегі. НАСА оны күтпеген жағдай туындап ғарышкерлерді шұғыл кері қайтару керек болар деп алғызған. Бұл Айдың үлгісі АҚШ үкіметі мен халқының меншігі. Ол жеке қолға мемлекеттік сатылым арқылы өткен. 

Сондай-ақ...