NASA Психея астероидына ғарыш аппаратын ұшырғалы жатыр

NASA Күнді айналып жүрген астероидты зерттеу үшін ғарыш апаратын ұшыруға дайындалып жатыр.

«Психея» деп аталған астероид Марс пен Юпитер арасында орналасқан. Аппарат Жерден 370 млн. шақырым жерде орналасқан аспан денесіне тек 2026 жылы жетіп, оны 21 ай зерттейтін болады. Бұл тек металдардан тұратын астероидты алғаш зерттеу болмақ.