Ливандағы жарылыстан бір адам қаза тауып, жеті адамды жарақат алды

Ливанның Банаафул қаласында жарылыс кесірінен 1 адам опат болып, бірнешеуі жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайлы елдің қауіпсіздік қызметі өкілдері хабарлады. Сондай-ақ апат кезінде жергілікті әкімдік пен шииттік Амаль қозғалысының барлау қызметі орналасқан ғимарат қирап, жақын орналасқан көліктерге зақым келген. Әзірге оқыс оқиғаның себебі анықталмады. Тергеу жүргізіліп жатыр.