465,08 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жаһандық сауда көлемі 3% дейін қысқарады – ДСҰ

  • 220
  • UPD: 09:47, 13.04.2022

Биыл әлемдік сауда өсімінің қарқыны күткендегіден де төмен болуы мүмкін.

Дүниежүзілік сауда ұйымы  көрсеткіш 3 процент төңірегінде болады деп болжап отыр. Бұған дейін өсім 4,7 процентке жетеді делінген еді. Сауда мен өндіріс көлемінің қысқаруына Украинадағы ахуал әсер етті.

Ұйым басшысының айтуынша, алдағы уақытта қарулы қақтығыстың зардабын бүкіл әлем шегуі мүмкін. Ал Ресей мен Украинадан келетін тауарға тәуелді мемлекеттерде тіпті азық-түлік дағдарысы орнауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы